2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешімі
Осы редакция 2026 ж. 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 54 188 213,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 52 119 186,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 145 637,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 782 621,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 1 140 769,0 мың теңге;
2) шығындар - 52 910 177,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 91 866,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 138 400,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 46 534,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 800 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 800 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 386 170,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 386 170,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 138 400,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 524 570,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 3 314 370,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
Теңге ауылы - 860 904,0 мың теңге;
Қызылсай ауылы - 721 363,0 мың теңге;
Рахат ауылы - 708 248,0 мың теңге;
Кендірлі ауылы - 1 023 855,0 мың теңге.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |